Мен Тәжібаева Мархабат осы қалалық балалар ауруханасына 03.04.2018 жылы қызым Акыл Асеммен келіп түстім, яғни ОПЦ салмағымыздың аз болуы және стридор диагнозымен келип 03.04.-16.04.2018 жыл аралығында емшара қабылдадық. Бөлім меңгерушісі Хамбарова Шынар және Исмайлова Гозаль емдеуші дәрігеріміз болатын, осы кісілердің көмегімен дұрыс емшара берілуінің арқасында Аллаға шүкір қызымның жағдайы дұрысталып, салмақ қосып, бұйыртса өз отбасымызға қайтқалы отырмыз. Қалалық балалар ауруғанасының жаңа туылған нәрестелер бөлімінің ұжымына алғысым шексіз. Сіздерге улкен рахмет!!!