Тараз  қаласы  балалардың  денсаулығын сақтаудың өркендеуі, қалалық балалар ауруханасымен тығыз байланысты.

            Қазіргі  Тараз , бұрынғы  Әулиеата  қаласында  8 наурыз  1926  жылы  бірінші  рет  балаларға дәрігерлік  кеңес-консультация беру орталығы  ашылды. Онда  3 дәрігер, 2 мед.бике және  тазалықшы жұмыс істеді. Сол жылдары  қалада  сүзек пен қара  шешек  ауруларының  көбейіп тұрған кезі еді. Балалардың шетінеуі өте жоғары болғандықтан,балаларға ауруға қарсы егу жұмысын жүргізетін  постер  бөлмесі ашылды. Ал , консультация  жанынан балаларға  санитарлық көмек көрсету  ұйымдастырылды.

            Қалада  балалар санының өсуіне байланысты, балаларға қызмет көрсетуді ұлғайтуға, орнықтыруға жағдай жасалды. Сонымен 1994 жылы 60 аурулар төсегі бар, балалар ауруханасы ашылды. Ауруханада 4 дәрігер, 19 мед.бике жұмыс істеді.

1939 жылы қала-жаңадан  құрылған Жамбыл облысының  облыс  орталығы болып,  балалар аурухансындағы төсек саны 76- ға жетті.

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы  аурухананың одан әрі өсуіне бірнеше жыл кедергі жасады.

Соғыстан кейінгі жылдарда  балалар  ауруханасының өркендеуіне  денсаулық сақтау саласының  тәжірибелік ұйымдастырушысы,соғыс жылдары әскери госпиталдарда медицина взводының командирі болған  бас дәрігер Исналиева Е.М.  өз үлесін қосты. Оның басшылығымен балалар аурухансында  қызмет көрсету  түрлері өсті:  лаборатория  ұйымдастырылды, патаанатомиялық, рентгенологиялық, ревматологиялық қызмет ашылды.

150 төсектік ауруханасы, 18 педиатриялық бөлімшесі  бар  емхананың , жаңа үлгідегі ғимаратының 1969 жылы  іске берілуі облыс орталығының тұрғындары үшін үлкен жаңалық болды.

Аурухананың техникалық-материалдық базасын нығайтуға  күшін,энергиясын және ұйымдастырушылық талантын жұмсаған әр жылдардағы бас дәрігерлер: Н.Р.Пак В.Г.Токарев, А.Я.Иванова, А.И.Морозов, У.С.Шыныбаева, Ғ.Н.Кемельбекова  және қазіргі бас дәрігер Р.Б.Нуржанов.

            Аурухананың жеткен жетістіктерін әр жылдары денсаулық сақтау саласында  қызмет атқарған интузиаст мед. қызметкерлерінің  еңбегінен бөліп  қарау мүмкін  емес: Е.С.Старикович, О.П.Бугрова, Н.А. Мукушева, Н.А.Райская,Н.В.Лутова, В.Г.Афиногентова, А.В.Матросова, З.И.Насыпрова, Э.А.Митина, Н.П.Слабкова, З.Н.Петрова,З.М.Бекболатова, З.Е.Доскалиева, А.Ж.Жумабаева, Г.Л. Гатина, Л.П.Руденченко,  Л.И.Визинтини, Г.А.Матыцина, А.К.Жарылгапова, В.А.Степанова, Л.А.Пак,  Вейс А.Д., және басқалары.

            Балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсартуға бас дәрігердің  емдеу жөніндегі  орынбасарлары, денсаулық сақтаудың талантты ұйымдастырушылары: Хен А.П., Төркебаева А.М., Сарина С.Ж., Амрекулов Қ.А. өз үлестерін қосты.

2013 жылдың  мамыр  айынан бастап, аурухана  «Байтерек» мөлтек  ауданындағы жаңа  заманауй типтік ғимаратқа көшті.   Аурухана  қазіргі  уақытта балаларға  арнайы жоғары мамандырылған  емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.  Мұнда  өз ісіне берілген мамандар қызмет етеді  дәрігерлер:      Тулегенова С.Т., Хамбарова Ш.Ж., Иргалиева М.Ж., Шералиев Е.А., Кембаева У.М.,  Шиц Е.К., Халыкова П.Ж., Кишкеева А.К.,Вакаев В.В., Садыкова Г.А.,Апбасова С.О.,  Турмаханбетова Г.С.,Есенов А.К. Токтанаева  Д.С. Мед.бикелер:   Елеуова Г.М, Катибекова Н.Р., Садыкова Н.А.,Мамраимова Л.Р.,Аргынбаева А.А.,Атабаева Б.М.,Биболова А.М.,Курманбаева Г.А.,Халматова Г.С.,Кабулова Г.Е.,Сыдикбекова К.О.,Толымбекова Г.Б.,Иманбаева Г.К.

Аурухана бірлестігі таратылып,қазіргі  уақытта  балалар ауруханасы 220 төсектік болып, қайта құрылды. Онда 12    бөлім  жұмыс істейді. 

  • Жаңа туылған балалар бөлімшесі;
  • Ерте жастағы  нәрестелер бөлімшесі;
  • Пульманология бөлімшесі;
  • Неврология    бөлімшесі;
  • Кардиоревматология бөлімшесі;
  • Оңалту бөлімшесі
  • Реанимация – анестезиология бөлімшесі;
  • Отолорингология бөлімшесі;
  • Кеңестік  диагностика  бөлімшесі;
  • Клиникалық- диагностикалық  зертхана  және  ПТР;
  • Қабылдау  бөлімшесі;
  • Бактериологиялық  зертхана;
  • Сәулелік диагностика бөлімшесі;
  • Физиотерапиялық бөлімшесі;
  • Күндізгі қабылдау бөлімшесі – 30 төсек

Олар облыстың, қаланың жас тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, қажетті  медициналық  аспаптар, аппараттармен қамтамасыз етілген.

Ауруханада кәсіби білімнің жетілдіріген тәжирибелі мамандар еңбек етеді.

21 дәрігердің  жоғарғы санаты , 4 дәрігердің 1 дәрежелі санаты бар.

Аурухана жас медицина  кадрларының білімін жетілдіру базасы болып есептеледі.

Жыл сайын аурухана  өз қызметіне диагностика қоюдың, емдеу және сауықтырудың жаңа  үлгісін қолданып іске асырады.

Пайдалы сілтемелер