Сіздердің ауруханаларыңызға үлкен рахмет. Бізге бар күш-жігерлеріңізді көрсетіп қызмет көрсеттіңіздер, оның ішінде Халыкова П.Ж. нақты диагноз қойып, ем жүргізді. Халыкова П.Ж. жұмысы жемісті табысты болып, отбасында абыройлы, беделді ана болуына отбасымызбен тілектеспіз. Сондай-ақ Шералиев Е.А. өз міндетін адал нақты орындап, емдеу жүргізді. Аурухананың ұжымына да алғыс білдіреміз. Медбике Алимбетова А. бізге үкен көмек көрсетіп, өз жұмысын тиянақты көрсетті. Ол кісіге де алғыс, рахмет айтамыз.

Орақбаева Гульмирадан