Ауруханаға шұғыл және жоспарлы жатқызу тәртібі бойынша емделушіге арналған жарнама

Ауруханаға жоспарлы жатқызу (жоспарлы госпитализация) дегеніміз дәрігердің шұғыл араласуын қажет етпейтін жағдайда өміріне қауіпті емес күйдегі созылмалы аурулары бар науқасты стационарға емделу үшін жолдау.

Жоспарлы госпитализация емделушінің медициналық ұйымды таңдау құқығын есепке ала отырып Госпитализация бюросы порталы арқылы бірнеше күн ішінде жүзеге асырылады.

Госпитализация бюросы порталы дегеніміз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы жатқызуға берілген жолдамаларды электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай жүйесі.

Шұғыл госпитализация дегеніміз жедел жәрдем дәрігері, учаскелік дәрігер немесе қабылдау бөлімінің дәрігері анықтаған емделушінің жіті шұғыл жағдайында стационарға емделу үшін жолдауы.

Шұғыл госпитализация қысқа мерзімде науқасты бейімді стационарға дейін жеткізу жолымен жүзеге асырылады.

Шұғыл госпитализация үшін:

Айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жіті күйлер мен аурулардың аяқастынан пайда болуында, жазатайымдар, улану, жарақат алу, босану және жүктілік кезіндегі шұғыл жағдайларда емделуші шұғыл түрде ауруханаға жатқызылады..

1-ші қадам – жедел жәрдем дәрігерін, учаскелік дәрігерді үйге шақырып, тіркелген емханаға барып немесе стационардың қабылдау бөліміне тікелей бару керек;

2-ші қадам– дәрігер (жедел жәрдемнің, емхананың) шұғыл госпитализацияға науқастың көрсетілімдерін анықтайды және бейімді стационарға жолдама береді;

3-ші қадам– ауруханаға шұғыл жатқызу үшін науқасты жедел жәрдем көлігімен, санитарлық авиациямен немесе жеке көлікпен жеткізеді;

4-ші қадам– шұғыл госпитализация жағдайында медициналық көмекті стационарлық медициналық ұйымдар аумақтық уәкілетті денсаулық сақтау органы бекіткен тәртіппен көрсетеді

Жоспарлы госпитализация үшін:

1-ші қадам – тіркелген емхананың дәрігеріне бару керек;

2-ші қадам – емханада ең қажетті тексерулерден өту;

3-ші қадам – дәрігер жоспарлы госпитализация көрсетілімдерін анықтаған жағдайда бос төсек орындары болуын есепке алып дәрігермен бірге медициналық ұйымды таңдауыңыз керек;

4-ші қадам – дәрігер Сіздің деректеріңізді Госпитализация бюросы порталына енгізеді, қолыңызға «Жоспарлы госпитализация талонын» береді, бұл талондағы кодпен www.bg.eisz.kz сайтында өз кезегіңізді бақылап отырасыз және де стационарда бос орындар жөнінде мәлімет аласыз. Деректеріңіз қатаң түрде құпиялы болады. Дәрігер стационарға жатқызу күнін айтып, жоспарлы госпитализацияға жолдама беру үшін Сізбен байланысу телефондарын жазып алады;

5-ші қадам – стационар жоспарлы госпитализацияның болжамды күнін белгілеп, Порталға енгізеді;

6-шы қадам – стационар госпитализация күнін белгілеген соң дәрігер Сізге Жоспарлы госпитализацияға жолдама береді. Жолдаманы өзіңізге емдеуші дәрігеріңізден алуға болады.

7-ші қадам – госпитализацияны күткен кезде Сіз емдеуші дәрігердің қадағалауында боласыз. Қадағалауды үзбеу керек!

8-ші қадам – жолдамада көрсетілген күні міндетті түрде келуіңіз керек. Күтпеген жағдайлар болып қалса (басқа жіті аурумен ауыру, басқа жаққа кету, билет болмауы және т.б.) учаскелік дәрігерге міндетті түрдежәне уақтылы хабар беруіңіз керек.

Медициналық қызметкерлер үшін жаднама: «Емделушінің медициналық ұйымды еркін таңдау» принципі бойынша жоспарлы госпитализацияға жолдауда

1-ші қадам – емделушіні ілтипатпен қарсы алу. Жоспарлы госпитализацияға көрсетілімдері болған жағдайда емханада өткізуге болатын ең қажетті тексерулерді жасау керек;

2-ші қадам – бос орындар болса медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы жайында емделушімен сөйлесу. Емделуші таңдаған клиникада бос орындар болмаған жағдайда басқа клиникаларды ұсыну;

3-ші қадам— емделушінің деректерін Госпитализация бюросы порталына енгізіп, қолына «Жоспарлы госпитализация талонын» беру керек, бұл талондағы кодпен емделуші өз кезегін бақылап отырады және де стационарда бос орындар жөнінде мәлімет алады. Емхананың дәрігері емделушіге госпитализация күнін хабарлап, жолдаманы беру үшін телефон нөмірін жазып алады;

4-ші қадам – стационар жоспарлы госпитализацияның болжамды күнін белгілеген соң, емхананың дәрігері емделушіге жолдаманы беріп, уақытында келу және күтпеген жағдайлар болып қалғанда уақытында хабарласу қажеттілігі туралы түсіндіреді;

5-ші қадам – жоспарлы госпитализацияны күту кезінде учаскелік дәрігер емделушіні үзбей қадағалап отыру керек.

Емделушіні республикалық деңгейдегі клиникаларға жоғарымамандандырылған медициналық көмекті алуға жоспарлы госпитализацияға жолдау:

1-ші қадам — емделушіні ілтипатпен қарсы алу. Емделушіні республикалық деңгейдегі клиникаларға жоғарымамандандырылған медициналық көмекті алуға жоспарлы госпитализацияға көрсетілімдері болса бөлім меңгерушісі немесе емхананың бас дәрігерінің орынбасарымен бірлесіп емханада өткізуге болатын ең қажетті тексерулерді жасау керек;

2-ші қадам – аумақтың Денсаулық сақтау басқармасының аумақтық комиссиясының қарауына құжаттарды тапсыру;

3-ші қадам – аумақтық комиссия оңды шешім қабылдаса Госпитализация бюросы порталына жоспарлы госпитализацияға сұраныс тіркейді;

4-ші қадам – стационар порталда жоспарлы госпитализацияның болжамды күнін белгілеген соң аумақтық комиссия емделушінің құжаттарын және жолдаманы емделушіні қадағалайтын медициналық ұйымға факс немесе электронды байланыс арқылы жібереді;

5-ші қадам – учаскелік дәрігер жолдаманы алған соң емделушіге жоспарлы госпитализация күні туралы және уақытында келу және күтпеген жағдайлар болып қалғанда уақытында хабарласу қажеттілігі туралы түсіндіреді;

6-шы қадам — жоспарлы госпитализацияны күту кезінде учаскелік дәрігер емделушіні үзбей қадағалап отыру керек.