Мен Олдан А. К. қызым Айзеремен 13.07.2017 жылы қабылдау бөліміне қызымның температурасы көтеріліп, ауырып тұрған кезде келдім. Бізді бірден қалалық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне алып кетті. Содан ұзақ уақыт жатып Неврология бөліміне ауыстық, апаратпен. Себебі қызымның неврологиялық диагнозы бар болатын. Енді бүгін Аллаға шікір қызым жақсарып, үйге қолдануға арналған ИВЛ апарат алып шығып бара жатырмыз. Осы больницаға түскелі бізге қараған бірінші жан сақтау бөлімінің басшысы Амеркулова Гулбану Садыковнаға және сол бөлімнің ақ халатты абзал жандары дәрігерлер: атап айтсақ Қалыбекұлы Қуаныш, Ирина Эргешбаевна, Айгүл Өмірбековна т.б. және медбикелерине: атап айтсақ: Жанар, Ләззат, Мадина, Роза, Маржан, Кенже, Бота, Балауса, Жұлдыз, Динара апкелерге жәнеде сол бөлімнің тазалықшы бикелеріне үлкен алғысымды білдіремін. Ең бірінші Аллам, екінші сіздердің арқаларыңызда, қызым аман есен қалып, жағдайы жақсарғаны үшін, атсалысып көмектеріңізді, білімдеріңізді көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Еңбектеріңіз жанып, алғысқа бөленіп жүре беріңіздер.