№ 1 Қалалық балалар ауруханасының

Бас дәрігері  Нуржанов Райымбек  Бестайұлына

Заурбеков  Альнасырдың анасы  Заурбекова  Эльмирадан

Мен  Заурбеков Альнасырдың  анасы  Заурбекова  Эльмира  Амирханқызы  Тараз  қаласындағы № 1Қалалық балалар  ауруханасына  наурыз   айының  25 –жұлдызында  жансақтау  бөліміне , балам құсып , іші кеуіп  салмағы түсіп ауыр  жағдайда  түстік.  Жансақтау  бөлімінде  балам 18 күн  жатып  19- шы күні  жаңа туылған  нәрестелер  патологиясына  ауыстық. Бұл патологияда  жатқанымызға 2- аптаның  көлемі  болды. Қазіргі   кезде  баламның  жағдайы өте  жақсы  деп  айтсамда болады. Баламның  беті  бері  қарап,  салмақ  қосты. Он сегіз  жылдан соң  берген Аланың  маған деген сыйы  Альнасыр  ұлымның  өмірін сақтап қалған, біріншіден Ұлы Аллаға  тағалама  екіншіден  осы  №1 Қалалық балалар  ауруханасының  бас  дәрігер  Нуржанов  Р.б.  Жансақтау  бөлімінің меңгерушісі  Садықова  г.а.  жаңа туылған балалар патологиясының меңгерушісі  Хамбаров  Ш.Ж.  алғысым шексіз Сіздерге  алланың нұры жаусын барлықтарыңызға  зор денсаулық мол табыс   отбасыларынызға  берке  бақыт  тілеймін.