2019 жылдың 29 мамыр күні №1 Қалалық балалар ауруханасында 1-маусым «Балаларды қорғау күніне» арналған «Балалар біздің бақытымыз» атты мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мереке барысында «Асфальттағы суреттер», «Қолөнер» байқаулары және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Байқаулар нәтижесі бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.